Журнал туралы

Дерматология және инфекциялық аурулар саласындағы рецензияланатын ғылыми журнал

Миссиясы

Заманауи ғылыми білімді жинақтау негізінде ғылыми қоғамдастықтың интеграциясын, тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету және дәрігерлер мен зерттеушілердің біліктілігінің жоғары деңгейін қолдау мақсатында заманауи дерматовенерологияны дамытуға, АИТВ-инфекциясын және басқа да инфекциялық ауруларды алдын алу, диагностикалау және емдеу ісіне үлес қосу.

Зерттеу бағыттары

Негізгі тақырыптық бағыт – клиникалық медицина мәселелері, соның ішінде дерматовенерология, АИТВ-инфекциясы және басқа да инфекциялық аурулар, сондай-ақ медициналық білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау, дерматовенерологиялық қызметті және АИТВ-ның алдын алу қызметін ұйымдастыру, медицина ғылымы мен практикасы бойынша материалдарды жариялау.

OA саясаты

Журнал саясаты халықаралық танымалдылыққа ие болған авторлық ғылыми мектептер мен тұжырымдамаларды жан-жақты ұсынуға байланысты тақырыптық айдарларды енгізу қажеттілігіне байланысты оның құрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді; қазақстандық және шетелдік дәрігерлердің, зерттеушілердің, медицина және денсаулық сақтау қайраткерлерінің зерттеу қызметін дамыту үшін маңызды болып табылатын ғылым мен білім беру саласындағы елеулі оқиғаларды жариялауға жол береді. Мұндай айдарлардың атауы олардың мазмұндық бағыттылығына сәйкес анықталады.

Журнал саясатының маңызды аспектілері

  1. Жариялау, пысықтау қажеттілігі немесе тақырыпқа сәйкес келмейтін немесе тиісті түрде ресімделмеген материалдарды қабылдамау туралы шешімді ғылыми ортадағы ең құзыретті мамандардан тұратын редакция алқасы қабылдайды. Редакция тарапынан қабылданбаған мақалалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  2. Басылымда орналастырылатын материалдарды антиплагиат жүйесі арқылы тексеру, мұқият рецензиялау, ғылыми әдебиеттерді басып шығару талаптарына сәйкес редакциялау және корректуралау жүргізіледі; редакция ғылыми этика принциптерін сақтай отырып, қысқартулар мен редакциялық түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
  3. Авторлар мақалаларда келтірілген нақты материалдар үшін жауапты болады; журналда жарияланған материалдар авторлардың жеке көзқарасын білдіреді, ол редакцияның пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.
  4. Мақаланы редакцияға жіберу автордың оны журналда жариялауға келісімін (ілеспе хат түрінде) білдіреді.

Мазмұны