Осы Рецензиялау саясаты «UNAIDS Journal» ғылыми журналының (бұдан әрі – Журнал) редакциясына келіп түскен ғылыми мақалаларды сараптамалық бағалаудың нормативтік негіздерін, принциптері мен процедураларын белгілейді.
Саясат жарияланатын материалдардың жоғары ғылыми деңгейін, редакциялық шешімдердің негізділігін және академиялық адалдық пен ашықтық принциптерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Рецензиялау процедуралары халықаралық деңгейде танылған жарияланым этикасының стандарттары мен Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (COPE) ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Журнал редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар авторлардың ғылыми мәртебесіне, мекемесіне немесе ғылыми дәрежесіне қарамастан міндетті сараптамалық бағалаудан (рецензиялаудан) өтуі тиіс.
Сараптамалық бағалау екі жақты соқыр рецензиялау (double-blind review) форматында жүргізіледі, бұл редакциялық саясатта көзделген жағдайларды қоспағанда, қолжазбаны қараудың барлық кезеңдерінде авторлар мен рецензенттердің жеке мәліметтерін ашуды болдырмайды.
Рецензиялау барысында қолжазба келесі негізгі критерийлер бойынша жан-жақты бағалануы тиіс:
Рецензияда ұсынылған жұмыстың мәні бойынша талдамалық қорытынды және оны жариялау мүмкіндігіне қатысты нақты тұжырымдалған ұсыныстар болуы тиіс.
Журнал рецензенттер ретінде редакция алқасы мен редакциялық кеңес мүшелерін, сондай-ақ тиісті білім саласында расталған ғылыми құзыреттілігі бар тәуелсіз сыртқы сарапшылар мен практиктерді тартады.
Рецензенттерге рецензиялауға берілген барлық материалдар авторлардың зияткерлік меншігі болып табылатыны және құпия ақпаратқа жататыны хабарланады.
Рецензенттерге келесі әрекеттерге тыйым салынады:
Рецензент өзіне жіберілген қолжазбаны редакция белгілеген мерзімде қарауға және редакцияға рецензия жіберуге немесе рецензиялауға қатысудан дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті.
Рецензия жүргізу мерзімін редакция мақаланың барынша жедел жариялануын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып белгілейді және ол қолжазба Журнал редакциясына түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды .
Рецензия Журналдың онлайн жүйесі арқылы электронды түрде немесе редакция белгілеген басқа тәсілмен ұсынылады.
Рецензия бекітілген үлгіге (2-қосымша) қатаң сәйкестікте ресімделеді. Үлгі талаптарының сақталмауы рецензияны пысықтауға қайтару үшін негіз болуы мүмкін.
Рецензияның қорытынды бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
Сараптама нәтижелері бойынша рецензент мыналарды ұсына алады:
Пысықтауға ұсыныс жасалған немесе жариялаудан бас тартылған жағдайларда, рецензияда қабылданған шешімнің дәлелді негіздемесі, оның ішінде қолжазбаның нақты үзінділеріне немесе беттеріне сілтеме жасай отырып, анықталған кемшіліктер көрсетілуі тиіс.
Рецензенттің ескертулері мен ұсыныстары объективті, принципті және конструктивті болуы керек және ұсынылған жұмыстың ғылыми және әдіснамалық деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
Рецензиялау нәтижелері негізінде мақаланы жариялаудың орындылығы туралы түпкілікті шешімді Журнал редакциясы қабылдайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда, авторға қабылданған шешім және мақаланы жариялау жоспарланған Журнал нөмірі көрсетілген ресми хабарлама электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Жариялау туралы оң шешім қабылданғаннан кейін автор белгіленген нысан бойынша ілеспе хатты (3-қосымша) ресімдеуге міндетті.
Егер мақала пысықтаудан кейін жариялауға ұсынылса, авторға ескертулер мен ұсыныстар тізімі бар хат немесе рецензияның көшірмесі жіберіледі.
Пысықталған қолжазба редакция белгілеген мерзімде қайта рецензиялаудан өтеді. Редакция мен рецензенттер авторлармен рецензия мазмұны мен тұжырымдалған ескертулер бойынша пікірталасқа түспейді.
Мақаланы жариялаудан бас тартылған жағдайда, редакция авторға рецензияның көшірмесін қоса бере отырып, дәлелді бас тартуды жібереді.
Журнал редакциясы жариялауға қабылданбаған қолжазбаларды сақтамайды.
Журнал редакциясына түскен материалдарды рецензиялау сараптамалық бағалаудың құпиялылық, тәуелсіздік және объективтілік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
Журналға қолжазбаны ұсыну автордың осы Рецензиялау саясатының ережелерімен келісетінін білдіреді.
Журнал редакциясы халықаралық ғылыми стандарттардың дамуын және редакциялық процедуралардың өзгеруін ескере отырып, осы Саясатты қайта қарау және жаңарту құқығын өзіне қалдырады.